АҚШ-та ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

03.05.2018

АҚШ-та әскери ұшақ құлап, 9 адам қаза тапқан болуы керек. Қайғылы оқиға Джорджия штатының Саванна қаласының маңында болды. Жергілікті полицейлер 5 адамның мерт болғанын растап отыр.

Жолы болмаған «Геркулес» ұшағы Пуэрто-Рико Ұлттық әуе күштеріне тиесілі. Ол әуежайдан аспанға көтерілгеннен кейін көп кешікпей төмен қарай құлдилай бастаған.

Пентагонның мәліметінше, ұшақ Аризона штатына бара жатып, апатқа ұшырады және де ол соңғы кездері жаттығу мақсаттарына пайдаланылып, жақында қолданыстан шығарылуы тиіс болған.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу