Нигерияда жарылыстан 27 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда жарылыстан 27 адам қаза тапты

02.05.2018

Нигерияның солтүстік-шығысындағы мешіт ішінде және оның айналасында жарылыс болып, 27 адам қаза тапты. Полицияның мәліметінше, бұл жерде жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып жіберген. Одан 56 адам жараланып, ауруханаға түсті. Оқиға Муби қаласында болды. Жарылысты «Боко Харам» радикалдық ұйымы ұйымдастырды деген күдік бар. Нигерияда 2009 жылдан бері әрекет етіп келе жатқан экстремистік топ адам көп жерге жиі жанкешті-лаңкестерін жібереді. Олардың қолынан 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 2 миллионға жуығы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу