Ертең екі Корея лидерлерінің тарихи саммиті басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең екі Корея лидерлерінің тарихи саммиті басталады

26.04.2018

Соңғы мәліметке қарағанда, Оңтүстіктің басшысы Мун Джэин мен Коммунистік мемлекет жетекшісі Ким Чен Ын естелікке ағаш отырғызады, құрметті қарауылдың алдынан жүріп өтеді. Сондықтан, қазір шекара бойында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

Келіссөздер Панмунджом деген ауылда жергілікті уақытпен сағат 10:30-да ашылады. Сол үшін Ким Оңтүстік Корея аумағына өтеді, меймандар кітабына қол қояды,  Джэинмен фотоға түседі.

Саммиттен әлемнің 3 мыңдай журналисі хабар таратады. Кездесудің негізгі тақырыбы – Корей түбегін ядролық қарудан тазарту жайында. Ким Чен Ын бұл мәселені мамырда немесе маусымның басында АҚШ президенті Дональд Трамппен де талқылауды жоспарлап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу