Индонезияда мұнай ұңғымасындағы өрттен 15 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда мұнай ұңғымасындағы өрттен 15 адам қаза тапты

25.04.2018

Индонезияның Ачех провинциясындағы мұнай ұңғымасында болған өрттен 15 адам қаза тауып, 40-ы жараланды. Жапа шеккендердің денесінің 20-60 пайызын күйік шалған. Өрт бүгінге қараған түнде басталды. Ол әлі толық сөндіріліп біткен жоқ. От тереңдігі 250 метр ұңғымадан тасып-төгіліп жатқан мұнайды тұрғындар заңсыз жинап алып жатқан кезде тұтанған. Алайда, тілсіз жаудың неліктен басталғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге сай, жалынға біреудің шылым шегуі себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, полицияның мәліметінше, бұл мұнай ұңғымасы заңды түрде тіркелмеген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу