Екатеринбург қаласына қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екатеринбург қаласына қар жауды

25.04.2018

Ресейдің Екатеринбург қаласына қайтадан қыс түсті. Өткен тәуліктің ішінде мұнда жауын-шашынның бір айлық мөлшерінің жартысы жауып, айнала аппақ қарға бөленген.

Ауа райының мұндай тосын мінезі, әсіресе, жергілікті жүргізушілерді әбден әбігерге салды. Себебі, олар көліктерінің дөңгелектерін жазғыға айырбастап үлгерген. Сондықтан, полиция қызметкерлері машина иелеріне жолға шықпауға кеңес беріп отыр.

Сонымен қатар, қайта оралған қыс тұрғындарды да қапыда қалдырды. Жұрт бір-бірін кенеттен келген Жаңа жылмен құттықтап, әлеуметтік желілерді #тағықыс және #қарапокалипсисі деген тәрізді хэштегтері бар түрлі суреттермен толтырды.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу