Қытайдың Цинъюань қаласында бардағы өрттен 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Цинъюань қаласында бардағы өрттен 18 адам қаза тапты

24.04.2018

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Цинъюань қаласында караоке-барда өрт шығып, соның салдарынан 18 адам қаза тапты. Тағы бесеуі зардап шегіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына жеткен мамандар үш қабатты ғимараттағы тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде-ақ ауыздықтады.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, полиция от қасақана қойылған деген пікірде. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Ол 32 жастағы ер адам екен.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу