ШЫҰ Қорғаныс министрлері экстремистік топтардың күшеюіне алаңдаушылық білдірді

24.04.2018

Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің Қорғаныс министрлері кездесіп жатыр. Бұл халықаралық органға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан кіреді.

Соңғы мәліметке қарағанда, олар бірлескен коммюникеге қол қойды. Министрлер Ауғанстанның солтүстігінде «Даиш» тәрізді экстремистік топтардың күшеюіне алаңдаушылық білдірген.

Бейжіңде осы аптада Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің Сыртқы істер министрлері де бас қосып жатыр. Ал, маусымда Қытайдың Циндао порттық қаласында осы ұйымның саммиті өтеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу