Кабулде жарылыстан 57 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде жарылыстан 57 адам қаза тапты

23.04.2018

Ауғанстан астанасы Кабулдегі сайлаушыларды тіркеу орталығында жарылыс болып, 57 адам қаза тапты. Олардың - 21-і әйел, бесеуі - бала. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.

Соңғы ақпарға сай, жарылғыш затты ғимараттың кіреберісінде кезекте тұрған бір топ адам арасындағы жанкешті іске қосқан. Дүмпуден тағы 119 адам жарақат алды. 

Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы өз мойнына алды.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу