«Deutsche Bank»-і қателесіп, биржалардың біріне $ 35 млрд. аударып жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Deutsche Bank»-і қателесіп, биржалардың біріне $ 35 млрд. аударып жіберген

20.04.2018

Германияның ең ірі «Deutsche Bank»-і қателесіп, биржалардың біріне 35 млрд. доллар көлемінде ақша аударып жіберген. Бұл турасында «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Айта кетсек, 35 млрд. доллар «Deutsche Bank»-тің ағымдағы капитализациясынан 5 млрд. долларға көп екен. Банктің өзі мұндай фактінің болғанын растағанымен, аударылған ақша мөлшеріне қатысты ештеңе айтқан жоқ.

Дегенмен, қателік бірнеше минутта анықталып, бірден түзетілді. Ағаттықтан банкке ешқандай шығын келмегенімен, ол қаржы мекемесіндегі тәуекелдерді бағалау мен басқару процедурасының сенімділігі мәселесін көтеріп отыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу