Қырғыз Республикасының президенті министрлер кабинетін таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының президенті министрлер кабинетін таратты

19.04.2018

Қырғыз Республикасының үкіметі отставкаға жіберілді. Министрлер кабинетін тарату туралы жарлыққа осыдан бірнеше сағат бұрын ел президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған.

Мұның алдында депутаттар дауыс беріп, премьер-министр Сапар Исаков бастаған үкімет құрамына сенімсіздік білдірген еді. Бұл шешімді 101 заң шығарушы құптаса, бесеуі оған қарсы шыққан.

Парламенттегі оппозиция үкіметтің жыл сайынғы есеп беруіне көңілі толмаған. Дегенмен, халық қалаулыларының көпшілігі мұндай шешімнің саяси астары бар деп есептейді.

Айта кетсек, Сапар Исаковтың кабинеті былтыр тамызда жұмысқа кіріскен еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу