Қазақстан-Ресей кәсіпкерлері ынтымақтастықты арттыруды көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Ресей кәсіпкерлері ынтымақтастықты арттыруды көздейді

30.10.2014
Қазақстан-Ресей кәсіпкерлері ынтымақтастықты арттыруды көздейді

Ресейдің Пенза облысының кәсіпкерлері батысқазақстандық әріптестерімен тиімді ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

Орал қаласында өткен кездесуде екі облыстың өнім өндірушілері  өзара пікір алмасып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетімен танысқан қонақтар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талдады.

Батыс Қазақстан облысының ТМД елдерімен сауда айналымы өткен 9 айда 6 миллиард доллардан асса, оның басым бөлігі Ресейдің үлесінде.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу