АҚШ-та ұшақ моторы өртеніп, 1 әйел қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ұшақ моторы өртеніп, 1 әйел қаза тапты

18.04.2018

АҚШ-та ұшып бара жатқан ұшақтың бір моторы өртеніп, жарылып кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 1 адам қаза тауып, жетеуі зардап шеккен.

Мерт болған жолаушы – әйел. Оны мотордың сынығы тиіп, қираған терезе тартып алған. Ал, салондағы адамдар азаматшаны кері тартып, орындыққа отырғыза алмады. Қатты жараланған әйел «Боинг» қонғаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Бірақ, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала  алмады.

Ұшақ мұндай оқиғаға Нью-Йорктен Далласқа бара жатқанда душар болды. Оның бортында 143 жолаушы мен экипаждық бес мүшесі отырған. Дегенмен, лайнер Филадельфияға сәтті қонды.

Өрт сөндірушілердің сөзінше, «Боингтың» бір моторынан отын ағып, сол май өртке себеп болса керек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу