АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында ең ірі қайырымдылық аукционы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында ең ірі қайырымдылық аукционы өтеді

06.04.2018

АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында Рокфеллерлер отбасының ең ірі қайырымдылық аукционы өтеді. Шараны «Кристи» аукцион үйі ұйымдастырып жатыр. Қайырымдылық жәрмеңкесіне Клод Моненің «Судағы лалагүлдер», Пикассоның 20 жастағы салған картиналары қойылған. Бұдан бөлек, аукционнан Поль Гоген, Виллем де Кунинг сынды танымал суретшілердің туындыларын сатып алуға болады. Бұл лоттарды сатудан түскен ақша білім беру, қоршаған ортаны қорғау салаларына қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу