Чилиде 21 көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде 21 көлік соқтығысты

05.04.2018

Чилиде ірі жол апаты болды. Кольчагуа провинциясындағы Сан-Фернандо қаласы маңындағы тас жолда 21 көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқан. Тағы 54-і жарақат алды.

Оқыс оқиғаға ел астанасы Сантьягоға бет алған жүк көлігі жүргізушісінің қауіпті маневры себеп болған. Ол алдындағы көлікті озбақ болып, рөлге ие бола алмай, автобусқа барып соғылыпты. Оның үстіне «бұл уақытта жолды қалың тұман басқан», - дейді куәгерлер.  

Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу