Ресей Түркияға С-400 зениттік-зымыран кешенін 2019 жылы жеткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Түркияға С-400 зениттік-зымыран кешенін 2019 жылы жеткізеді

04.04.2018

Ресей Түркияға С-400 «Триумф» зениттік-зымыран кешенінің 4 дивизионын 2020 жылы емес, 2019 жылдың шілдесінде жеткізетін болды. Бұл жайында ресейлік президент Владимир Путин түрік әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесуі барысында келісті.

2017 жылдың қыркүйегінде қол қойылған Түркияға зениттік-зымыран кешендерін жеткізу жөніндегі келісімшарттың құны екі миллиард доллардан асады. Оның жартысын түріктер өздері төлеп, қалған жарты соманы ресейліктерден несиеге алады екен.

Қазір Анкарада Жоғары деңгейдегі серіктестік кеңесінің отырысы екі ел басшыларының жетекшілігімен өтіп жатыр. Бұл Путиннің жаңа мерзімге сайланғаннан кейін жасап отырған алғашқы шетелдік сапары.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу