Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің жеке капиталы - 980 мың доллар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің жеке капиталы - 980 мың доллар

02.04.2018

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің жеке капиталы 104 млн иен немесе 1 млн. долларға жуықтайды. Бұл туралы Парламенттің Төменгі палатасы бүгін жариялаған ресми баяндамада айтылған. Құжатта палата депутаттарының мүлкі, жекелеп айтсақ, банктегі салымдары, қозғалмайтын мүлік, құнды қағаздары туралы мәлімет келтірілген. Оған сай, Абэнің дәулеті 2015 жылмен салыстырғанда сәл аздау. Дегенмен, Либералды-демократиялық партияны басқаратын премьер бұл көрсеткіш жағынан парламенттегі өзге де партия лидерлерінен асып түседі. Жалпы алғанда, Жапония төменгі палатасы депутаттарының орташа дәулеті бүгінде 30 млн. иен немесе 282 мың доллар.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу