Түркияның қарулы күштері «Зәйтүн бұтағы» операциясы барысында 3800 лаңкестің көзін жойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның қарулы күштері «Зәйтүн бұтағы» операциясы барысында 3800 лаңкестің көзін жойған

02.04.2018

Түркияның қарулы күштері Сирияның Африн қаласындағы «Зәйтүн бұтағы» операциясы барысында 3 мың 800 лаңкестің көзін жойған. Түрік президенті Реджеп Тайып Ердоған Адана провинциясында жексенбідегі сөзінде осылай деп мәлімдеді. Ердоғанның айтуынша, қазір әскери іс-қимылдар Телль-Рифат елді мекені мен жақын маңдағы өзге де аудандарда жүріп жатыр. Адана провинциясында сөйлеген сөзінде, түрік президенті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды «террорист» деп атады.

Анкара наурыздың 30-да Газа секторы мен Израиль шекарасында өткен палестиналықтардың «Жер күні» демонстрациясы кезіндегі Израиль әскерінің әрекеттерін сынға алды. Сол қақтығыстардан 16 палестиналық қаза тапқан. Биньямин Нетаньяху болса, жауап ретінде «Фейсбукке» Түркияны сынап жазған постында: «солтүстік Кипрді басып алып, күрдтердің өңіріне енген елдің Израильге ақыл үйретуге құқығы жоқ» деп жазған.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу