Қытай орбитаға екі навигациялық жер серігін ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай орбитаға екі навигациялық жер серігін ұшырды

30.03.2018

Қытай бүгін бортында екі навигациялық жер серігі бар «Чанчжэн-3B» зымыран тасығышын ұшырды. Бұл туралы жергілікті Аэрокосмостық ғылым мен техника корпорациясының ресми сайтында жарияланған.

Осылайша, биыл қытайлықтар 35 ракета ұшырып, тарихи рекорд орнатуды жоспарлап отыр. 2000 жылдан бастап Қытай өзінің ғаламдық навигация жүйесін құрып жатыр. Қазірге дейін ол елдің барлық аумағында және Азия-Тынық мұхиты аумағының бір бөлігінде жұмыс істейді.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу