Брюссель таксистері Uber қызметіне қарсы шеру ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссель таксистері Uber қызметіне қарсы шеру ұйымдастырды

27.03.2018

Брюссель таксистері Uber қызметіне қарсы шеру ұйымдастырып, көшелерді бөгеп тастады. Сондықтан, шамамен 300-дей көлік сағатына небәрі 20-30 шақырым жылдамдықпен жылжып жатыр. Осы жағдайға байланысты қалада кептелістер басталған.

Ереуілшілерді қолдау үшін Бельгия астанасына Франция, Швейцария және Ұлыбританиядағы әріптестері де барған.

Манифестанттар Uber-дің жүргізушілерін жосықсыз бәсеке үшін айыптап отыр. Себебі, тарифтері төмен болғандықтан, клиенттердің дені солардың қызметін таңдайды екен.

Брюссельдік таксистердің сөзінше, Uber-ге де салық көтерілуі керек.

Uber - 2009 жылы негізі қаланған автомобильдік тасымалдаушы компания. Оның штаб-пәтері Американың Сан-Францискосында орналасқан және бұл кәсіпорын қазір әлемнің 100-ден астам қаласында қызмет етіп жатыр.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу