Германияда Карлес Пучдемон қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда Карлес Пучдемон қамауға алынды

27.03.2018

Германияда Каталония үкіметінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон қамауға алынды. Ол еуропалық ордер негізінде тұтқындалған. Испан билігі Пучдемонды көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады және мемлекеттік қаражатты заңсыз жаратты деп айыптап отыр. Германияда Испания автономиялық аймағының экс-басшысының тұтқындалуына қарсы шерулер өтті. Наразылық акциясына қатысушылар полициямен қақтығысып, соңында бірнеше адам жараланған. Олар Пучдемонды босатуды талап етіп, түрлі ұрандар тастады. Германия соты Каталония үкіметінің бұрынғы басшысын еліне экстрадициялау қажет пе, жоқ па, деген мәселені ойластырып жатыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу