Кенияда сирек жануардың соңғы аталығы өлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияда сирек жануардың соңғы аталығы өлді

20.03.2018

Кенияда солтүстік ақ мүйізтұмсығының соңғы аталығы жойылды. Судан атты жануар 45 жыл өмір сүрген.

Ақпанның соңында оның оң аяғы ауырып, екі аптадай тұра алмай жатқан. Ветеринарлар қанша күрескенімен, оны өлімнен арашалап қала алмады. Сондықтан, жер бетінде ақ мүйізтұмсықтың екі аналығы ғана қалған. Олар - Суданның «Наджи» және «Фату» атты қызы мен немересі.

Дегенмен, қорық қызметкерлері бұл екеуін жасанды жолмен ұрықтандырып, ақ мүйізтұмсықтардың популяциясын жалғастыруды көздеп отыр. Мұндай жануарлардың «оңтүстік» деген де түрі бар. Оларға да қазір браконьерлерден қауіп төніп тұр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу