Халық Шығыс Гутадан қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық Шығыс Гутадан қашып жатыр

16.03.2018

Бір ай бұрын шабуылдар басталған Шығыс Гутадан алғашқы медициналық эвакуация жүйесі бойынша жарақат алғандар кете бастады. Қолдарына сәбилерін ұстаған әйелдер, балалар мен балдақпен жүрген ер адамдар өз кезектерін күтіп отыр. Жалпы, жоспар бойынша бір мыңдай адамды қауіпсіз жерге көшіру көзделіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасының мәліметінше, олардың барлығы жедел медициналық көмекке мұқтаж. Ал, «ВВС»-дің хабарлауынша, Дамаск түбіндегі бұл ауданнан 12 мың адам қашты.

Сирия әскері Шығыс Гутаны қарулы оппозициядан қайтару жолындағы бомбалау операциясына ақпанның 18-де кірісті. Содан бері мұнда мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу