Нобель лауреаты ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель лауреаты ауруханаға жеткізілді

15.03.2018

 

 

АҚШ-та химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Эйити Нэгиси ауруханаға жеткізілді. Ал, оның әйелінің денесі қала сыртындағы қоқыс тастайтын жерден табылған.

 

Ерлі-зайыптылар Индиана штатында дүйсенбі күні із-түссіз жоғалып кетті. Сондықтан, туыстары полицияға қоңырау шалған. Келесі күні тәртіп сақшылары 82 жастағы химикті үйінен 320 шақырым жердегі жол бойынан кездестірді.

 

Көп ұзамай оның 80 жастағы жұбайы Сумирэ Нэгисидің денесі табылды. Алдын ала мәліметке сай, олар әуежайға бара жатып, адасып кетеді.

 

Сөйтіп, Нэгиси көліктен шығып, біреуден көмек сұрамақшы болған. Ал, Сумира күйеуі ұзақ уақыт оралмағандықтан, оны іздеу үшін жолға шығып, кейін қайтыс болған.

 

Айта кетсек, Эйити Нэгиси Нобель сыйлығына 2010 жылы ие болды.

 

 

Мадина РАХЫМБЕК

                                                         

Хабарламаларға жазылу