Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберді

14.03.2018
Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберді

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберді. Мемлекеттік департаментті енді ЦРУ директоры Майк Помпео басқаратын болады. Ал, бұл ведомствоның басшысы болып тарихта алғаш рет әйел – барлау қызметінің бұрынғы басшысының орынбасары Джина Хаспел тағайындалған. Мұндай өзгерістер туралы Трамп өзінің «Твиттердегі» парақшасында жазды.

Ақ үй қожайынының сөзінше, бұл шешімді ол Тиллерсон екеуі кейбір мәселелерге қатысты ортақ шешімге келе алмағандықтан қабылдаған. Ал, Тиллерсон болса, мемлекеттік хатшы қызметінен ресми түрде 31-наурызда кететінін мәлімдеді. Бұл уақытта Помпео мен Хаспелдің кандидатураларын сенат мақұлдауы тиіс.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу