Польшада аяздан қаза тапқандар саны 61-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада аяздан қаза тапқандар саны 61-ге жетті

02.03.2018

Польшада Сібір мен Солтүстік полюстен келген салқын ауадан аяз күшейе түсті. Бір аптада мұнда 7 адам қаза тапқан. Үкіметтің мәлімдеуінше, қыс басынан бері елде суық ауа райынан қаза тапқандар саны 61-ге жеткен. Жергілікті тұрғындарға ауа райының қолайсыздығы ауыр тиді. Сәйкес қызмет өкілдері суықта қалған адамдарға көмектесіп жатыр. Қазір мұнда ауа температурасы 20 градусқа төмендеді.

Жергілікті метеоролгиялық қызмет мамандарының болжамынша, аяз аптаның соңына дейін жалғасуы мүмкін. Аяз бен қалың қар Еуропаның көптеген елдері тұрғындарын әбігерге салды. Соңғы мәліметтерге сай, одан Ұлыбританияда 3 адам қаза тапқан. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу