Германияны қалың қар басып, аяз күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияны қалың қар басып, аяз күшейді

01.03.2018

Германияда аяз көтеріліп, елдің кейбір бөліктерін қалың қар басты. Ауа температурасы 20 градусқа төмендеген. Қыстың ызғары, әсіресе, үйсіз жандарға ауыр тиді. Олар үшін Берлин мен елдің өзге де қалаларында көмек көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Мұқтаж жандар ыстық тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілген. Метеорологтардың болжамынша, салқын ауа райы тағы бірнеше күнге созылуы мүмкін.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу