Колумбияға көрші Венесуэладан мыңдаған адам қашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияға көрші Венесуэладан мыңдаған адам қашты

27.02.2018

Колумбияға көрші Венесуэладан күнкөріс іздеп мыңдаған адам қашып жатыр. Ауыр жүктерін арқалаған мигранттардың біразы шекарадағы Майкао қаласына жетті. Олардың көбінің қарны аш, қажып кеткен.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, соңғы бірнеше айда Колумбияға бас сауғалап жарты миллионнан астам босқын  барған. Мигранттардың сөзінше, Венесуэлада азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшы, күн көру мүмкін болмай кетті.

Қазір олар үшін БҰҰ-ның көмегімен уақытша шатырлар салынып жатыр. Мұндай лагерьлерге алдымен әйелдер мен балалар орналасады. Мигранттар алып келген барлық заттарын, қолдан жасаған әшекей бұйымдарын Майкао саябағында сатып жатыр.

Соңғы деректер бойынша, Колумбияға күніне шамамен 2000 мың венесуэлалық барады екен. Олардың көбі шекараны заңсыз өтіп жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу