Владимир Путин Шығыс Гутада «гуманитарлық үзіліс» жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Путин Шығыс Гутада «гуманитарлық үзіліс» жариялады

27.02.2018

Ресей президенті Владимир Путин Сирияның Шығыс Гута ауданында «гуманитарлық үзіліс» жариялады. Яғни, бүгіннен бастап президент Асад армиясы Дамаск маңындағы бұл анклавтқа таңғы сағат 09:00-ден түскі 14:00-ге дейін шабуылдамауы тиіс. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдеуінше, үзіліс кезінде бейбіт тұрғындарға қауіпсіз жерге кетуге мүмкіндік беріледі.

Ресейге арқа сүйеген Сирия авиациясы Шығыс Гутаны он шақты күннен бері бомбалап жатыр. Сондағы мақсат – бұл ауданды оппозиция күштерінен тазартып, үкімет қарамағына қайтару. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, бір аптадан астам уақыт ішінде Гутада 540 адам қаза тапқан. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалар көп.

Сенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі мұнда әуе соққыларын тоқтату туралы резолюцияға дауыс берді. Бірақ, сол қарардан кейін бірнеше сағат өткенде қантөгіс қайта басталған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу