2020 жылғы Олимпиаданы жақыннан көруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылғы Олимпиаданы жақыннан көруге болады

26.02.2018

Жапонияда 2020 жылы өтетін Жазғы Олимпиада ойындары үш өлшемді голограммалық технология арқылы көрсетілмек. Осы мақсатта Жапония телекоммуникациялық компаниясы «Кирари! Арена үшін!» атты жаңа жүйе дайындап жатыр. Бұл технологияның артықшылығы сол, ол әлем жұртына спортшыларды теледидардан барлық 4 бағытта нақты уақыт режимінде өте жақыннан көрсете алады. Оған қоса, атлеттердің денесіне сенсор орнатуды қажет етпейді.

Компания озық жүйені Токио Ойындарына дейін жасап шығаруды көздеп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу