Англияның Лестер қаласында жарылыстан 6 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Англияның Лестер қаласында жарылыстан 6 адам жараланды

26.02.2018

Англияның орталығындағы Лестер қаласында болған жарылыстан 6 адам жараланды. Полицейлердің мәлімдеуінше, оқиғаның теракт екеніне ешқандай дәлел жоқ. Жапа шеккендердің екеуі ауыр халде жатыр. Олар қос қабатты үй жарылған кезде жараланған. Аталған ғимараттың бірінші қабатында дүкен болған. Төтенше жағдайға орай іргелес үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. «Reuters»-тің хабарлауынша, жарылыстан жақын маңдағы бірнеше ғимаратқа зақым келген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу