Ақ Олимпиада астанасында қатты дауыл соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ Олимпиада астанасында қатты дауыл соқты

14.02.2018

Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Пхенчханда дауыл соғып, адамдар эвакуацияланып жатыр. Жараланғандар да бар. Бүгін екпінді желдің кесірінен биатлон, әйелдер арасындағы шаңғы жарыстары және бірқатар ойындар кейінге шегерілді. Соңғы деректер бойынша, қатты жел бүгін таңартең басталып, шаң-тозаңды көкке көтерді. Оның күштілігі сонша, баннерлер құлап, конструкциялар қирап, құрал-жабықтар сынды.

Ойын қонақтарына және спортшыларға ашық жерлерге шықпай, территориядағы асханаларда, қонақүйде немесе басқа жабық мекемелерде отыруға кеңес берілді. Өйткені, адамдар көшеде жүре алмай, бетперде тағуға мәжбүр.

Айта кетсек, Пхенчхан соңғы жиырма жылда Қысқы Олимпиада ойындары өткен ең суық қала болып отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу