Кенияда шерушілер үш телеарнаның ашылуын талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияда шерушілер үш телеарнаның ашылуын талап етті

06.02.2018

Кенияда жүздеген адам үш жеке телеарнаның қайта жұмыс істей бастауын талап етіп шерулетті. Оларды полиция газ қаруын қолданып таратпақ болған. Үш телеарна өткен аптада жабылды. Билік бұл телестанциялардың жұмысын оппозициялық саясаткерлер өткізген шараны тікелей эфирде көрсеткендері үшін тоқтатқан. Айтылған шара кезінде оппозиция лидері Раила Одинга жақтастары алдында өзін президент деп жариялады. Айта кетсек, Кениядағы саяси ахуал былтыр тамызда өткен сайлаудан бері түпкілікті реттелмей отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу