Фидель Кастроның үлкен ұлы өзіне қол жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фидель Кастроның үлкен ұлы өзіне қол жұмсады

02.02.2018

Куба революциясының лидері Фидель Кастроның үлкен ұлы өзіне-өзі қол жұмсады. 68 жастағы Анхель Кастро Диас-Баларттың өмірімен осылайша қош айтысқанын жергілікті мемлекеттік телеарна осыдан бірнеше сағат бұрын хабарлады. Марқұм айлар бойы жаны күйзеліп, депрессиядан емделген. Ал, кубалықтар оны әкесіне қатты ұқсағандықтан, «Фиделито» немесе «кішкентай Фидель» деп атаған.

Анхель Кастро Фидель Кастро революцияға дейін Мирта Диас-Баларт есімді әйелге үйленіп, онымен аз уақыт бірге тұрғанда, яғни, 1949 жылы дүниеге келді. Кеңес Одағында білім алған ядролық физика маманы кейінгі жылдары Куба ғылым академиясында кеңесші және вице-президент қызметін атқарды. Сонымен қатар, Анхель Кастро «Бостандық аралының» атомдық бағдарламасының басшысы да болды. Бірақ, Кеңес Одағы құлап, Мәскеуден көмек тоқтатылғандықтан, ол бағдарлама 1992 жылы жабылып қалған еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу