«Telenor» 6 мың жұмыс орнын қысқартпақ
Норвегияның әлемге әйгілі «Telenor» телекоммуникациялық компаниясы алдағы үш жылда 6 мың жұмыс орнын қырсартпақ. Елдегі екінші ірі кәсіпорын мұндай шешімге 1,6 миллиард долларды үнемдеу үшін және көптеген қызмет түрлерінің автоматтандырылғанына байланысты келіп отыр. Деректерге сүйенсек, бұл компанияның Еуропа мен Азияның 12 елінде 178 миллион тұтынушысы бар екен.
Былтыр «Telenor» 2 600 адамын қысқартып, қатаң үнемдеу шараларына кірісіп кетті. Енді жоспар бойынша ол жыл сайын 2 мың жұмыс орнын жабуды көздеп отыр. Мекеме басшылары алдағы жылдары цифрлық жобаларды жетілдіріп, табыс көлемін арттырудан үмітті. Ал, өткен жылдың соңғы тоқсанында «Telenor»-дың тапқан пайдасы 11,8 миллиард долларға жеткен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05