Жапонияда 534 миллион долларды хакерлерге ұрлатқан криптовалюта операторы жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 534 миллион долларды хакерлерге ұрлатқан криптовалюта операторы жазаланады

29.01.2018

Мұны үкіметтің өкілі бүгін хабарлады. Осыған байланысты Токионың атақты Coincheck компаниясы биткоиннан басқа монеталарды да сату саудасын доғарды. Сондай-ақ, жымқырылған NEM криптовалютасының 90 пайызын қайтару жоспарланып отыр. Әзірге бұл операция қалай жүргізілетіні белгісіз.

Айта кетсек, осыған дейін әлемде цифрлық ақша мұнша көп жоғалмаған екен. Жапониядағы жағдай виртулдық валютаның қауіпсіздігі жеткілікті деңгейде сақталмағанын және оған қатысты фишинг, яғни, алаяқтық жиілеп бара жатқанын көрсетіп берді. Сондықтан, ресми Токио бұл саланы жіті бақылауға алмақ.

Есихидэ Суга, Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Қаржы қызметі агенттігі Coincheck операторының жұмысын жақсартуға көмектесіп, тұтынушылар ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барын салады. Бұл агенттік енді компанияның барлық жүйесін бақылып, келісімшарттарды реттеуі тиіс. Ал, үкімет ұрлау оқиғасының себебін анықтау үшін тергеу жүргізеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу