Қытайда ауаның температурасы -45 градуске дейін түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда ауаның температурасы -45 градуске дейін түсті

24.01.2018

Қытайдың солтүстік-шығысында ауаның температурасы -45 граудуске дейін төмендеді. Сарышұнақ аязға Хэйлунцзян провинциясының бірқатар аудандары тап болды. Оларда суықтан тұман көтеріліп, қазір 30 метрден артық қашықтыққа көз жеткізу мүмкін емес.

Осыған ұқсас жағдай Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Аймағы мен Хэбэй провинциясында да қалыптасты. Хэбейдің кейбір жерлерінде сынап бағанасы -47 градусты көрсеткен. Жергілікті тұрғындар болса, мұндай аязды өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басынан бері көрмегендерін айтады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу