Түркия әскері Сирияның Африн провинциясына шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия әскері Сирияның Африн провинциясына шабуыл жасады

22.01.2018

Түркия әскері Сирияның солтүстігіндегі күрдтерге қарсы операциясын бастағанын мәлім етті. Түріктер көрші елдің шекарасынан «Гүлбаба» ауылынан кіріп, Африн қаласына жеткен. Бұл туралы ел премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді. Түріктер күрдтердің «Сирияның демократиялық күштеріне» қарсы шықты. Ал, күрдтер шабуылға төтеп беріп, олардың шекарадан шегінуге итермелегенін мәлімдеді. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Түркияның «HaberTurk» телеарнасы ел премьеріне сілтеме жасап, операция мақсаты - шекараны жағалай Африн провинциясында 30 шақырымдық қауіпсіз аймақ құру деп хабарлады.

Айта кетейік, сенбі күні түрік әскери ұшақтары бұл провинцияға әуеден соққы жасаған. Енді бұл ахуалдың шиелінісуі Түркияның НАТО арқылы одақтасы АҚШ-тың араласуына әкеп соғуы мүмкін.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу