Джакартада мұражай өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джакартада мұражай өртенді

16.01.2018

Индонезия астанасы Джакартада теңіз тарихы мұражайы отқа оранды. Соның салдарынан су асты тіршілігі туралы коллекциялар мен түрлі экспонаттар жанып кеткен. Тілсіз жау ғимараттың үлкен бөлігін жалмады. Дегенмен, құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Өйткені, қызметкерлер мен қонақтар дер кезінде көшіріліп үлгерген.

Өрттің неден басталғаны тергеліп жатыр. Оны сөндіруге 21 машина мен құтқарушылар бригадалары қатысты. Бұл мұражай 1652 жылы голландиялық отаршылдар салдыртқан бұрынғы тауар қоймасында орналасқан екен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу