Сингапурда жоғалып бара жатқан жануарлардың балалары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурда жоғалып бара жатқан жануарлардың балалары табылды

15.01.2018

Сингапурда хайуанаттар бағының бірінде сирек кездесетін сүтқоректі жануарлар көбейе бастады. Жергілікті зообақ өкілдерінің хабарлауынша, осы жерде пигмей бегемотының осымен 24-ші баласы дүниеге келген. Қазір мұнда тырысқақ сүтқоректілерінің де балалары табылып жатыр. Соңғы көрсеткіштер бойынша, былтыр Сингапур елінде жануарлар мен құстардың 540 баласы туылған. Олардың жартысынан көбі түрі жоғалып бара жатқандардың қатарында.     

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу