Адам соңына еретін сенсорлық шабадан көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам соңына еретін сенсорлық шабадан көрсетілді

11.01.2018

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында «CES 2018» технологиялық көрмесінде адамға еріп жүріп ақылды шабадан көрсетілді. Оны Қытайдың Xiaomi компаниясы жасады. Ерекше шабанның «күшік» деген лақап аты бар. 

Бұл өнім гироскутер технологиясы бойынша құрастырылған. Ал, егер алыстап қалған жағдайда оны GPS жүйесі арқылы тауып алға болады. Сондай-ақ, бұл шабаданға «осында тұр» немесе «соңыма ер» деп бұйрық беруге болады. Ал, жоғалған жағдайда оның дөңгелектері жүрмей автоматты түрде блокқа түсіп қалады. 

Кларк Ву,смарт өнімдерінің менеджері:

Мұндай шабадан бірінші рет шығарылып отыр. Онда салмақты тең ұстап тұратын 2 дөңгелек бар. Бұл кэйсті жасау үшін Segway технологиясын пайдаландық.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу