2018 жылдың ең табысты адамы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2018 жылдың ең табысты адамы анықталды

10.01.2018

Жапонияның Хего префектурасында 2018 жылдың ең табысты адамы атағы үшін жүгіруден жарыс өтті. Нисонимия қаласында ұйымдастырылған шараға қатысқан 5 мыңнан астам адам 230 метр қашықтықты бағындыруы керек.

Ерекше сайыстың 3 жеңімпазы анықталды. Олардың біреуі - мектепті жаңа аяқтаған 18 жастағы Куросу Сато. Бір қызығы – оған жүлде ретінде күріш шарабы берілген. Ал, Жапония заңы бұл жастағы адамдарға ішімдік ішуге рұқсат етпейді.

Айта кетсек, жарыстың Нисонимия қаласында өтуі бекер емес. Өйткені, бұл жерде бизнесмендер мен көпестердің құдайына арналған храм орналасқан.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу