Боливияда президент Эво Моралеске қарсы шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда президент Эво Моралеске қарсы шеру өтіп жатыр

05.01.2018

Наразылық акциясын азаматтық топ өкілдері ұйымдастырған. Олар мемлекет басшысының 2019 жылғы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсыну жоспарын қолдамайды. Боливияны 11 жыл бойы басқарып келе жатқан Моралестің ары қарай президенттікке  ұмтылмауын талап еткен петицияға адамдар қол қойып жатыр. Шерушілер елге жаңа өзгерістер қажет екенін алға тартты. Дегенмен, Эво Моралес өз жақтастары оның билікте отыруын қалайтынын мәлімдеп келеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу