Ресей Сирияда тағы 2 жауынгерін жоғалтқанын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Сирияда тағы 2 жауынгерін жоғалтқанын растады

04.01.2018

Бірақ, Хмеймим базасында осы елдің 7 әскери ұшағы жойылды деген ақпаратты Мәскеу жоққа шығарды.

Бұған дейін Ресей газеттері хабарлағандай, желтоқсанның 31-де Хмеймимге радикалдар минометпен шабуыл жасаған. Бейресми мәліметтерге қарағанда, одан 10-нан астам жауынгер зардап шекті.

Осылайша, Ресейдің Сирияда жоғалтқан адамдарының саны 47-ге жетіп отыр. Бірақ, көрші мемлекеттің жекеменшік әскери компаниялары қанша сарбазынан айырылғаны белгісіз. Ал, «Рейтердің» тамызда жарияланған зерттеуіне жүгінсек, 2015 жылдан бері Сирияда Ресейдің 76 азаматы мерт болды. Содан бері құрбандар саны көбейген болуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу