Кубаның Ремедиос қаласында отшашу кесірінен жаралыс болып, 39 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубаның Ремедиос қаласында отшашу кесірінен жаралыс болып, 39 адам жараланды

27.12.2017

Кубаның Ремедиос қаласында рождестволық мерекелік шаралар барысында отшашу кесірінен жаралыс болып, 39 адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында 6 бала бар. Олар 11-15 жас аралығында. Алдын ала болжамдарға қарағанда, зиян шеккендердің барлығы жергілікті тұрғындар, шетел азаматтары жоқ. Әзірге дүмпудің нақты себебі белгісіз. Жараланғандарға көмек көрсетіліп жатыр. Олардың көбінің халі мүшкіл екен.

Айта кетсек, Ремедиос қаласында өтетін желтоқсан айындағы мерекелік шараларға әдетте мыңдаған адам жиналады. Карнавал барысында түрлі-түсті костюмдер киген жұрт ән салып, би билейді. Жылда шара үлкен отшашу шоуымен аяқталады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу