Еуропалық одақ Польшаға қарсы санкциялар қабылдауы  мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық одақ Польшаға қарсы санкциялар қабылдауы  мүмкін

21.12.2017

Еуропалық одақ сот реформасы үшін Польшаға қарсы санкциялар қабылдауы мүмкін екендігін ескертті. Ұйымның пайымдауынша, елдегі сот жүйесіне қатысты өзгерістер елдің құқықтық мемлекет болып қалуын қиындатып, жалпы Еуроодақтың құндылықтарына қайшы келеді.

Егер Польша 3 айдың ішінде реформадан бас тартпаса, ұйыммен жасалған келісімшарттың 7-ші бабына сәйкес, Еуроодақ Кеңесінде дауыс беру құқығынан айырылады. Айта кетсек, соңғы екі жыл ішінде Польшада 13 жаңа заң қабылданып, оларға сәйкес мемлекет сот органдарының жұмысына араласа алады. Консервативті Варшава бұл жаңа реформалар жемқорлықпен күресіп және сот жұмысын тиімді етуге көмектеседі деп отыр. Ел президенті Анджей Дуда қарсылықтарға қарамастан дау туғызған сот реформасы туралы заңға қол қоятыны жайлы шешім қабылдағанын ескертті.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу