Трамп Айға ұшу туралы қаулыға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Айға ұшу туралы қаулыға қол қойды

12.12.2017

АҚШ Айға ұшу бағдарламасын қайта жаңғыртпақ. Президент Дональд Трамп осындай қаулыға қол қойды. Ол бойынша америкалық астронавттар ұзақ мерзімді зерттеулер үшін 1972 жылдан бері алғаш рет Айға оралуға мүмкіндік алады. Ақ Үй басшысының сөзінше, жаңа директива АҚШ-тың ғарыш бағдарламасын дамытып, тіпті, Марсқа ұшуға негіз болмақ.

Трамптың бұл шешімді қабылдауы осыдан 45 жыл бұрын «Аполлон» кемесімен америкалық экипажды Айға соңғы рет қонуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Айта кетсек, АҚШ-тың Айға ұшу бағдарламасы 2011 жылы экс-президент Барак Обама тұсында тоқтатылған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу