Нью-Йоркте жанкешті жасанды бомбаны іске қосып, кесірінен 4 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте жанкешті жасанды бомбаны іске қосып, кесірінен 4 адам жараланды

12.12.2017

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жанкешті жасанды бомбаны іске қосып, кесірінен 4 адам жараланды. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, оқиға таңғы 7:30-да Манхэттен ауданының оңтүстігіндегі автобус терминалының жерасты өткелінде болған. Қала мэрі Билл Де Блазио бұл шабуылды теракт деп мәлімдеді. Алайда, лаңкестік әрекет толық іске аспаған. Денесін күйік шалған содырдың өзі полицияның қолына түсті. Оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.

«New York Times» газетінің хабарлауынша, күдікті – 27 жастағы Акайед Улла, Бангладеш тумасы, ол 7 жыл бұрын Бруклинге көшіп барған.

Соңғы деректер бойынша, Улла былтыр Жаңа жыл қарсаңында болған Берлиндегі терактіні қайталамақ болған. Сондағы мақсаты - АҚШ әскерінен «ДАИШ» қарулы тобын бомбалағаны үшін кек алу. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, оның аталған экстремистік ұйыммен тікелей байланысы жоқ.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу