Солтүстік Қазақстан облысында астық қар астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында астық қар астында қалды

21.10.2014
Солтүстік Қазақстан облысында астық қар астында қалды

Солтүстік өңірде суық пен ылғалдан қорықпайтын майлы дақылдар өсіруге және мал санын көбейтуге бет бұру керек, дейді мамандар.

Әрине, ол ертеңгі қолға алар тірлік, ал биыл егіннің біразы қар астында қалды.

Биыл теріскейде 3 миллион 274 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілді. Бидайдың шығымы жақсы, өңір бойынша гектарынан 15 центнерден алынды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары берген мәліметке сәйкес өңірдегі алқаптың 81 пайызының егіні орылды.

Қамбаға 4 миллион тоннадан астам дән құйылды. Ал, қалғаны қар астында жатыр.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу