Ресейдің Новосибирск облысында тұрғын үйдегі өрттен 5 бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Новосибирск облысында тұрғын үйдегі өрттен 5 бала қаза тапты

04.12.2017

Құрбан болған балғындар 1,5-7 жас аралығында. Трагедия «Степной» ауылындағы үш бөлмелі үйде болған.  Балалардың әкесі 32 жастағы азамат жараланып ауруханаға түсті. Ал, бүлдіршіндер ысты газдан уланды деген болжам бар. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтады.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің алдын ала болжамдары бойынша апатқа электр сымдарының тұйықталуы немесе отты жағу талаптарына салғырт қарау себеп болуы мүмкін. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу