Ирак армиясы «ДАИШ»-ты шөлден ығыстыруға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак армиясы «ДАИШ»-ты шөлден ығыстыруға кірісті

23.11.2017

Ирак армиясы «ДАИШ»-ты Сирия шекарасы маңындағы шөлден ығыстыру операциясына кірісті. Егер ол сәтті аяқталса, бұл мемлекет экстремисттік топтан толық тазартылады.

Премьер-министр Хайдер әл-Абадидің мәлімдеуінше, әскери тұрғыдан алғанда, «ДАИШ» Иракта талқандалды деуге болады. Бірақ, оның мүшелері шөлде түгел жойылғанда ғана жеңіс жарияланады.

Армияға шейіттердің халықтық мобилизациялық күштері көмектесіп жатыр. Олар Сириямен арадағы шекара толық қауіпсіздендірілгенше, бұл науқанды аяқтамақ емес.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу